file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  166


Автор: Түрік поэзиясы

АҚ ЖАУЫН АРУЫ

Ерке самал жапырақты аймалап,
Аппақ жауын жауған кезде майдалап,
Еңсені езген жалғыздықтан жындана,
Темекімді тұтатқанда мұңдана,
Қара шашы тамшы-нұрға малшынған,
Сен шыққандай əсер кешем қарсымнан.
«Кел» дегенмен жеткізе алман даусымды,
Құр елессің, төзім-тағат таусылды.
Қолдарыңнан енді ұстамақ болғанда,
Ауа қармайым, түк шықпайды одан да.
Сезем, сезем, қош дейсің сен бір күні,
Жауын тілі болған кезде жыр тілі.
Көше кезіп іздегенмін өзіңді,
Таптырмайсың, жұбатпайсың сезімді.
Көреді жұрт көзіме жас толғанын,
Жүрек гүлім сені аңсап солғанын.
Жауар жауын тамшылары тізіліп,
Түсем сосын тал шыбықтай үзіліп.
Тəн қызуым суық тасқа өтеді,
Таппайсың сен мені жұмбақ мекені.
Туған жыр бұл жауын жауып жатқанда,
Алла нұры шашылғанда бақтарға.
Жаңбырлы күн ойламасам өзіңді,
Көше кезіп тауыспас ем төзімді.
Ерке самал жапырақты аймалап,
Аппақ жауын жауған кезде майдалап,
Еңсені езген жалғыздықтан жындана,
Темекімді тұтатқанда мұңдана,
Қара шашы тамшы-нұрға малшынған,
Сен шыққандай əсер кешем қарсымнан.
«Кел» дегенмен жеткізе алман даусымды
Құр елессің, төзім-тағат таусылды.
Қолдарыңнан енді ұстамақ болғанда,
Ауа қармайым, түк шықпайды одан да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу