Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
164

ҚАР ЖЫРЫ
Қар жауғанын көргенде
Қар басқан жер қасиетін ұғарсың.
Қалықтап кеп қонған қарды көргенде
Қар ішінде жанған қарды ұғарсың.
Тəңір көктен қар секілді жауғанда,
Ақ ұлпаны жамылғанда бау маңда,
Əппақ əлем жүрекке жол тауғанда
Жырымды менің ұғарсың.
Пенде аз ба бұл араға келетін,
Сені түсте бола алам ба көретін,
Ғашықтықтан болдым сірə өлетін,
Жырды ұққанда мені-дағы ұғарсың.
Бұл жыр бөлек сезімменен жазылды,
Қарлы қыста аңсап алау жазымды,
Бой жылынар есіме алсам назыңды,
Мені ұққанда бəрін-дағы ұғарсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter