file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  195


Автор: Түрік поэзиясы

САҒАН КЕЛЕМІН, САҒАН

Жарық дүние ашпай жатып есігін,
Анама əлі беймəлім кез есімім,
Əлі күнə болмаған кез кесірім,
Сəбиге тəн тілмен жылап, былдырлап
САҒАН келемін, САҒАН
Тыр жалаңаш.
Тар заманға симай қойды тамырым,
Жемістерім піссе екен деп арыдым,
Жаттығымды сезіп Жерге налыдым.
Сен сыйлаған ой-қиялмен тыңайып,
САҒАН келемін, САҒАН
Ағашыммен, бұтағыммен.
Тіске басар наным да жоқ дорбамда,
Қанып ішер суым да жоқ арманға...
Бір үмітпен шықтым жолға жалғанда,
Кейде аяңдап, кейде енді жүгіріп
САҒАН келемін, САҒАН
Жалаңаяқ.
Жол ұзаған сайын жүгім ауырлап,
Алау түсті көңіліме дауылдап.
Бірақ əлі еш жөнім жоқ ауырмақ;
Бықси жанып
САҒАН келемін, САҒАН
Бір уыс топырақ.
Өзіме-өзім көз тігіп ем алыстан,
Мұрат мұрат болмай шықты алысқан.
Күнəм үшін отқа өртеніп намыстан,
Кешірім сұрауға егіле,
САҒАН келемін, САҒАН
Уа, Жаратқан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу