Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  99


Автор: Түрік поэзиясы

СЕН БАРСЫҢ

Көңілімді арқау қып жыр тоқыдым,
Түрлі-түсті өрнегінде сен барсың.
Сезімімнің жоралғысын оқыдым,
Əр бабының тарауында сен барсың.
Ой да ағады өзен сынды арналы,
Сəмбіталға толар арна жан-жағы.
Айды аңсайды сарғалдақ гүл талғамы,
Сырлы өзеннің ағысында сен барсың.
Тағы да өзің мəн беретін өмірге,
Тағы да өзің сəн беретін көңілге,
Ғашықтардың басын тіккен өлімге
Тəркідүние жанарында сен барсың.
Сенің жүзің деп білемін көктемді,
Гүл де сенсің құлпыртатын көк белді.
Жүрек сазса есіне алып өткенді,
Дертін емдер шипасында сен барсың.
Сырласасың кіріп ылғи түсіме,
Сені өзімдей аламын мен түсіне.
Үмітімнің сұрша бұлт ішіне
Кіріп-шыққан сəулесінде сен барсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу