file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  216


Автор: Түрік поэзиясы

АҚЫН БАЛАНЫҢ ТАҢҒЫ ДҰҒАСЫ

Тəңірім,
Қамсыз болып балалық щақ,
Тек қана жақсылықтан хабар ұқсақ.
Тауынан Бесбармақтың
Аттаған күн
Үйіме кіріп келсе анама ұқсап.
Əжелер ашып тастап есіктерін,
Жүн иірсе шөкімдеп несіптерін.
Емізіп сəбилерін ана біткен,
Тербетсе қарлығаштар бесіктерін.
Тəңірім,
Қайтер еді, жас балаша,
Таспенен бұралқы итті жасқамаса.
Сабақты судай білсем,
Ал, ұстазым,
Дəрісті дүрелеумен бастамаса.
Тəңірім,
Қайтер еді сəл шамалы,
Адамның арман болса аңсағаны,
Ататүрік қабағын түйе бермей,
Сəл жымиса суреттен болса дағы.
Қасіреттің ұмытса Отан бəрін,
Шалқытып бір шырқаса шопандарым.
Лақ билеп, қозылар сырнай тартып,
Ойнақтаса осылай отар қалың.
Есек пен ат есінен танып күлсе,
Қырда сиыр, теңізде балық күлсе.
Енесін емген қодық ерінінен
Қарқылдаған күлкісі тамып күлсе.
Лала гүлдер ашылса баудан бауға,
Көбелектер шашылса таудан тауға.
Сағат санап шақырған тауық
Алдан
Қақпаны ашса болар-ау таңданбауға.
Көңілдене гуілдеп көгершіндер,
Инеліктің ұшқанын көрерсіңдер.
Сауысқандар саңқылдап өлең айтса,
Қол соғуға жиналып келерсіңдер.
Тəңірім,
Тілегім сол – өрт шықпаса,
Үзілмес үміт бізді қолтықтаса
Туннельден шыға келген пойыз бенен
Інінен шықан жылан қорқытпаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу