Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  96


Автор: Түрік поэзиясы

ҚАЗОТЫНЫҢ ӨЛІМІ

Мына бір жайт есімде, –
Бақылаушының көзінше,
Кеш түсіп қалған мезгілде
Түс ауған шақ – бесінде.
Алып келіп əлдекім,
От ұшқындап көзіңде.
Қазотыға болды үкім,
Кешкі бестің кезінде.
Болғаны бар кінəсі –
Екен қызыл түсінде.
Сол үшін «түскен» түрмеге
Түс ауған шақ – бесінде.
Ашуға басып бастық тұр,
Солған гүл қамын жесін бе.
Бұғауға түсті қазоты,
Түс ауған шақ – бесінде.
Таң атып, жылы келді леп,
Шоқтанбас енді гүл бірақ.
Уақыты жетпей солды деп
Жылайды маңай тұнжырап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу