file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  209


Автор: Түрік поэзиясы

Екі адаммын

Көзге бір, көңілге өзім екі адаммын,
Ешқашан дей алмаймын жеке қалдым.
Атқарып бір басыма екі міндет,
Еселеп із қалдырып өтеді əр күн.
Біреуі қызмет істеп жалған күліп,
Қояды айналасын алдандырып.
Зерігіп есінейді енді бірі
Еркін бір көрмедік деп арман қуып.
Біреуі тап келген соң топтың алды,
Еріксіз сөз етеді жоқты-барды.
Ғашықтық оты өртеп екіншісін
Білмейді кімге барып соқтығарды.
Жоспар боп, жиналыс боп азап ерен,
Күн сайын бірінде жоқ маза деген.
Бірі оның қалқасына отырып ап,
Ел көзін ала беріп жазады өлең.
Қоғамға біреуі құл басыбайлы,
Бірі ақын, нəзік сезім, асыл ойлы.
«Ақша үшін жыр жазбаймын» дейді бірі,
Бірі оны айлық тауып асырайды.
Өзара болмаса да үнемі егес,
Дүниесі екеуінің де түгел емес.
Түбінде бірі ғайып болуы анық,
Өйткені біреуі шын, біреуі елес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу