file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  155


Автор: Түрік поэзиясы

МƏҢГІЛІКТІҢ ІШІНДЕ

Жауын жерден көкке қарай жауатын,
Əккі ұры да жол таба алмай қалатын,
Батыл болса, батыр ғана бата алар
Жерде жүрмін, қан майдан деп аталар,
Жол жоқ мұнда ғашығыңа апарар.
Қайғы қысып, кездерімде қыстыққан,
Тамырымда соқса деймін ыстық қан.
Бір ерінмен сүйісемін ұрланып,
Сол бір ерін енді бір сəт тұрды анық,
Селебенің жүзі сынды сұрланып.
Көк жарылып, кезде жасын ойнаған,
Өз жүзімді көріп қалдым айнадан.
Тырнағымның от шыққанда ұшынан,
Кірпігімнен ұшқындарды ұшырам,
Безгек тиген жан секілді ұшынам.
Дүние есігін ашсам ба деп талпынам,
Кіммін бірақ? Соны ұқпастан алқынам.
Күңіренем, ашар кім бар бағымды,
Шексіздіктің бір шетінде ағынды
Тəнім іздеп сабылады жанымды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу