Өлеңдер ✍️
ҚАНДЫ ЖҰМА
Неткен апат, неткен ажал десеңші!
Тасыған қан тамырларда құтырды.
Бостандық пен бақыт жайлы жазылды,
Жалғыз ауыз жырым болса ұтымды.
Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған,
саған деген құштарлығым сықылды.
Неткен ғана қанды күн еді сол өткен,
қырғын болды ай астында болмаған,
Түркия аспанынан – бұл анық:
тамшыдай боп тысыр-тысыр құладық.
Күнімді алып аспаннан,
көрінбейтін күнімді алып аспаннан
сүйеп қойдым көкжиекке – іргеге.
Өмір сүрем өміріңмен сендердің,
мен – сендердің өліміңмен өлген ем.
Қайта-қайта тірілумен жүрген ем!
Тариығым-дөңгелегім, дөңгелен!
Неткен шаршау, неткен ғана күйректік!
Қорқынышты қабіріне сүйреп тық!
Мықтап тұрып бір жеңуді үйрендік,
ал, жауларға жеңілуді үйреттік!
Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған.
Неткен қанды жаңбыр еді ол өткен,
бейне жаңбырдан кейінгі жер құсап
шыға келдік көгеріп біз кенеттен,
болу керек енді сақ,
айтатыным сол ғана.
Өліп қана мықты болған жұрт едік,
Өлімнің бар абыройын бүркеніп.
Неменесін іркемін:
кірпіктерге кірсіз тамшы тұр келіп.
Деміңді алар кім тартып?
Қолымдағы бостандықты кім алар?
Өткен күннің кітабынан оқыдым
қанды айқастың қаншасын,
қасіреттің қаншасын?
... жүрегім, неге шаншасың?!
Азияның өз қолы бар,
бес мың жылдай болды оған,
Анатомиядан бəрі таралған.
Отыра алман тыныш жұмсақ киізде,
Неткен қырғын болып еді ол,
Неткен жұма – қанды жұма, жарандар.
Өкінішті ой тыншытпайды мүйіздеп.
Ойлап көрші, берілмей-ақ сезімге,
мына біздің цивилизация кезінде.
Сенен, сенен... қорқынышым зор тағы
айырылып қалам ба деп қорқамын.
Жо, жоқ, жалған тəртіп бұл,
Қанды жұма, сен де жалған деп білем:
Қалай ғана құтылмаймыз тепкіден?!
Ақыл-естің ақ сызығын жүргізем
көк аспанға,
адасқанға жол осы.
Сəбилерді танк таптап,
келесі
күн алдында өлілердің денесі.
Мен əрқашан таң қалам,
адамдардың жүрегіне жамандыққа қанбаған.
Өліп қана мықты болған жұрт едік,
тек өлімнің абыройын бүркеніп
Неменесін іркемін:
кірпігіме кірсіз тамшы тұр келіп.
Қасірет пен қазаңды біз бір ұқтық,
бəрін ұқтық түрік қып...
Əйтеуір біз біріктік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter