Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
179

ХАЙУАНАТТАР ПАРКІ
Мұңды көзбен мұнша неге қарайсың?
Не бере алам – түсінесің сен оны.
Зауқың соқса, ет бере алам мен саған,
біздің қолдан сүт беру де келеді.
Жұмыртқа да бере аламын,
қаласаң
Бақыт жайлы қиялымды ал тамаша.
Арыстан деп атайды ғой жұрт сені,
рас, рас арыстансың сен асыл.
Саған деген көңілім ақ, сабазым,
назарыңды неге төмен саласың?
Арыстан боп жаралғаның – айыбың?
Мұңды көзбен мұнша неге қарайсың?
Бəрін, бəрін бере аламын,
Əне, алдыңа тастадым,
бəрін берем бостандықтан басқаның
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇