Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
176

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДА
Жігіт отыр қармақ сап жағасында теңіздің,
Теңізден жұлдыз аулайды.
Аулайды ол бір-бірлеп,
тісіне салып қарайды,
Жүзі жарқын жігіттің,
жаны бірақ қараңғы.
Артындағы жолменен бір қыз өтіп барады,
сылаң қағып қарады,
бұраң қағып қарады.
Дүниені өзінше
қайран ғылып барады,
əтір иісі басыңды,
айналдырып барады,
Ал, жігіт ше?
Отыр ол жағасында теңіздің,
қызға назар салмайды,
теңізден көз алмайды.
Ыңылдай ма, сөйлей ме,
өзімен-өзі міңгірлеп.
Жұлдыздарды аулайды
тұнық теңізден бір-бірлеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter