file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  209


Автор: Түрік поэзиясы

КҮЗГІ ЕРТЕГІ

Бүгінде аспан бұлтты.
Жер бетімен жылы самал еседі.
Адам біткен болса егер үмітті,
Ал ақынға қайғы серік деседі.
Мұңлы əуенмен майда жауын жауады,
Бойжеткендер бұрымдарын өреді.
Ағаштар да, балалар да бұл күні
Кемі екі елі өсеріне сенеді.
Ақын жаны, ғашықтардың жүрегі
Тыншу білмес жалын болып лаулайды.
Ал мысықтар – шуақты күн тілегі,
Жаурап аққан бұлақтардан аумайды.
Ал мен болсам кезем қала көшесін
Көңіл-күйім жалғыздыққа қапалы.
Ақ жауыннан қайыратын есесін
Маған лайық қаңғыбастың атағы.
Жапырақтар үнсіз құлап жатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу