Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
144

БОСТАНДЫҚ
Құдірет-күшім жетсе менің, шіркін-ай,
ағытар ем кемелердің барлығын,
арқан, жіптің бəрін қиып тастар ем,
Желкен біткен желбірер еді жел іздеп,
кеме біткен шығар еді теңізге,
соңдарынан қарап сонда қасқа мен
күлер ем-ау қарқылдап,
айқайлар ем қарлығып:
еркіндеңдер, еркіндеңдер кемелер!
Құдірет-күшім жетсе менің, шіркін-ай,
Жинар едім əлемнің бар сəбиін,
қанат жасап қарақаттың гүлінен,
сəбилердің иығына тағар ем.
Күнге қарай ұшырар ем барлығын,
соңдарынан рахаттана қарар ем,
күлер едім қарқылдап,
айқайлар ем қарлығып:
еркіндеңдер, еркіндеңдер сəбилер!
Содан кейін көкірегіме бір ұрып,
Өзімді-өзім ұғынып,
Жаса! – дер ем өзіме-өзім,
содан соң
шырт түкіріп кетер едім бұрылып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter