Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
207
Ақындар
Не көрмедік өмірден –
Һəм жақсылық, жамандық.
Көшті бəрі көңілден,
Қалды мəңгі адамдық.
Бұл дүниеде не қалды,
Түрлі-түсті көрініс.
Ең соңында мен қалдым,
Айтып өтер керім іс.
Қай-қайдағы жоқ гүлдер.
Кейде лəйліп бос күндер
Өтеді де кетеді.
Жаралғам жоқ темірден,
Қайғы қанат қағады.
Біз өтсек те өмірден,
Күндер шалқып қалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter