file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  144


Автор: Түрік поэзиясы

ДОСЫМ БАДАМ АҒАШЫ

Сен ағаштың ақымағы,
Мен – пенде,
Ақымақтай сенеміз-ау сенгенде.
Мені сезім,
Сені самал алдайды,
Тыныш күнде
Жұлдызымыз жанбайды.
Гүліңді ашсаң,
Қара суық келеді,
Есер дауыл берекеңді төгеді...
Ал мен түсті
Жақсылыққа жоримын,
Ізгіліктің алтын бағын
Қоримын...
Сені суық,
Үйіреді мені мұң,
Қапалымын,
Басылмайды солығым.
Қаншама рет
Біліп тұрып алдандық,
Алданбауды
Жүрсек тағы арман ғып.
Мейлі, мейлі
Десе десін ақымақ,
Өмір өмір,
Қиялдайық жатып ап.
Досым, сені
Қолдаудан еш танбаймын
Сезімі от,
Өзегі өрт жандаймын,
Күннің көзі
Жылт еткенде
Гүлдегін,
Саған деген шын тілегім
Бұл менің.
Кім біледі,
Суық түспес бұл жолы,
Сезімің де
Алдай қоймас бұл жолы.
Мен берілсем
Қалай соңғы сезімге,
Күн сəулесі,
Жылы ауаның еркіне
Дəл осылай
Берілгейсің өзің де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу