Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  122


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

КҮЗЕТТЕ ТУҒАН ОЙ

Бауырлар екенбіз ғой қанымыз бір,
Жаралған Жер-анадан жанымыз бір...
Бірақта, соның бəрі былай қалып,
Шындықты өтіппіз ғой шыр айналып.
Бауырлар екенбіз ғой қанымыз бір,
Жүректі жалғайтұғын нанымыз бір...
Бұл жайлы
бізге дəйім шөп айтыпты,
Хайуандай ұқпағанбыз қалай түкті?
Бауырлар екенбіз ғой қанымыз бір,
Жұлдыз бен жарқыраған таңымыз бір.
Келеміз ұқпай əлі, аласатта
бəріміз бір аспанға қарасақта!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу