file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  178


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

ƏТЕШ

Əтеш, таңмен қандай əнге саласың,
Қажытты түн, салшы əніңе, əн – асыл.
Төсегінде төңбекшісін тыныштық,
Жатқандардың зəрелері бір ұшсын,
тыныштықты жұмыс қып.
Сал əніңе, мақсұт алыс – ер ғұмыры ұзарсын,
Сал əніңе, қара тастың беті ұяттан қызарсын!
Қанжар құсап ертең үшін қайралған
Жарқ-жұрқ етіп оянсыншы қайғы-арман.
Оянсын қой, жылқы, күрек, тырмалар,
Күн алдында бостандықтан бер соларға бір хабар.
Сал əніңе, тас бетінен оты шықсын, қызарсын,
Көп болғанда жер мен көктің тыныштығын бұзарсың.
Таң алдының əншісінің басын қырқып тастаған,
Жаныша алмайды əнші өмірін қанша қырсық басса да.
Бар заманда, əр күнде, əр ғасырда,
Сəуле əкелер сенің үнің – жасырман.
Тау қызарсын, айт əніңді, айт асыл,
Жер мен көктің тыныштығын бір шайқашы, шайқашы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу