file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  137


Автор: Түрік поэзиясы

БАУЫРЫМ, АЛИШ

Зырлаған станок бұзылып, бəрі сын –
Қолыңды жұлып əкетті, қайран Алишім!
Кеше түсте Зилели де
Айырылған аяқтан,
Тоқтамастан қан аққан.
«Салғырттықтан» деп, əңгіме таратқан!..
Болды солай, қайран Алиш бауырым,
Бос жеңіңнен – естілгендей ауыр үн...
Солай інім, енді аулыңа қайтасың,
Туыстарға қалай, не деп айтасың?
Сары өгізің, көпті көрген, түсінер,
Мұңданғандай – жерге басын түсірер.
Алиш енді шөп шабуға жарамай,
Байекеңе, қой-ешкіге қарағай...
Ол кебенек, қолың жоғын біле ме?
Мазаңды алып, сүйкенбестен жүре ме?
Багламаң тұр, қабырғада ілулі,
Басыңдағы жəйді ұға ма ол бүгінгі?
Бір жағынан сүйген жар да ойыңда,
Бір жағынан қайрат-күшің бойыңда.
Бірақ, қызға – ана аспабың сияқты –
Екі қолың, көзің керек шуақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу