file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  141


Автор: Түрік поэзиясы

Басымыз бір қосылды ақыр – біргеміз...

Басымыз бір қосылды ақыр – біргеміз,
Көрісуді ойлап па едік тірі біз!
Жаңа ғана келді бір дос айдаудан,
біреу ойдан,
біреу қырдан,
абақтыдан қашып кеппіз біріміз.
Бүгін бізге тойлайтын күн, ішелік,
Ұмытайық бүгінше біз, дəл кеше
Уақытша ұмытылсын, тиыннан
кездеріміз Құдай жасап сыйынған.
Санамаймыз тиындардың қалдығын.
Келтірілсін шараптың ең асылы,
толтырылсын тамақтың ең асылы.
Бүгінгі кеш – жандармсыз кеш екен,
темір торсыз, кілтсіз.
Керек болса – əн салайық,
естіген жұрт, еркін жандар десе екен.
Сілте, достар!
Бірімізді-біріміз
құшайық бір –
қолда кісен жоқ бүгін,
Керек болса қыдырайық, жүріңіз, –
аяқта кісен жоқ бүгін.
Көріспегелі қанша болды – санама,
Қанша уақыт өткенін
Бет əжімі, шаш ағымен шамала.
Сен немене? Үнің өзге боп кеткен?
Ал, сен достым? Осыншама «көк бет» пе ең?
А-ха ха ха!
Құйыңдаршы толтыра,
Бүгін ешкім бізден есеп сұрамас.
Шаттық та бір орман болса соқпақсыз,
мықтап тұрып бір адас.
Тоқта, тағы құшақтасып алайық,–
қолда кісен жоқ бүгін.
Серуендейік ең əдемі көшемен –
аяқта кісен жоқ бүгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу