Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  102


Автор: Түрік поэзиясы

ҚОЛДАР

Қолдар өткен түрлі-түрлі мектептен.
Əрбір қол өз тағдырына лайық
түрлі-түрлі боп кеткен.
Əне, бір қол сұлық жатыр,
жұмыстан
əбден кеуіп, құрысқан.
Енді бір қол – нан табар қол, күс мүлде,
ал анау қол əппақ болып айқасып,
жатыр іссіз шермік қарын үстінде.
Ақжем болып қапты бірі тағы əне,
қырық жылғы көніне май жағады...
жұмсағырақ шығар одан табаның.
Отын жару, от жағудан, жазып ал,
менің жарымның қолы да қажыған.
Жайса қолдар – алақандар болады,
үзім нан мен тиын-тебен тілеген,
түспес төмен тіленшінің қолы əлі.
Түрлі қол бар, неге олай деп ұрыспа,
бір қолда – нан, бір қол қара қайыс боп
түрмесінің темір торын тұр ұстап.
Ал, менің ше?
Күрек пен нан, майды əкелсе бір қолым,
қалам ұстап, қайғы əкелді бір қолым.
Қолдар, қолдар!
Бəрібір мен өздеріңмен біргемін.
Шапалақтасаң қолыңды:
бейне қанат, талпынған мың балапан.
Тас қып жұмсаң қолыңды:
жұдырық қой, талай тұмсық қанатар.
Жайып қалсаң қолыңды:
беретұғын, алатұғын алақан.
Қолдар, қолдар! Қайда сілте – аттанам!
Түрлі қолды кейде мен –
бір ағаштың бұтақтары деп қалам.
Қолдар бар-ау медет тілеп Алланы да алдайтын…
Ұнайтыны маған барлық қолдардан:
берген қолдар, бірақ қайтып алмайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу