Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
215
ӨЛГЕН ҚЫЗДЫҢ ЕЛЕСІ
Ашыңдар! Келіп мен жүрмін
Əр үйдің қағып есігін:
Рухым келген, денем жоқ,
Белгісіз жəне есімім.
Өтті зырлап жылдар талай,
Хиросимада мен өлгенмін.
Өлген бала өсер ме, сірə?
Жетіге жеткем өлген күн.
Əуелі от ойып көзімді,
Шашымды түгел жандырды.
Бір уыс күлге айналтып,
Мейірін дұшпан қандырды.
Мен – өлік: енді тата алман,
Күріш пен дəмді наннан да,
Шекердің де қажеті аз,
Жоқпын мен мынау жалғанда.
Бірақ бар жалғыз сұрағым:
Бар халқы жаһан-дүниенің!
Шекерге құмар балалардың
Көрмеңдер отта күйгенін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter