file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  174


Автор: Түрік поэзиясы

Жолдар

Жолдар бірге шексін енді қайғымды,
Аттанайын асамды алып айбынды!
Бір ғаламға соқпақ барын сеземін;
Білдім тылсым сыры барын жастың да,
Халім құрып жатам аспан астында;
Сəмбі талдың көлеңкесі қорғаным,
Күмбез асты тізе бүгу жəне де
Шың басында тұру болды арманым.
Тау, су, далам, сүйем əрбір гүліңді,
Биіктік боп қайталаңдар үнімді.
Деген едім, шыңға, көкке тіл бітті.
Өлең шіркін жұлдыздарша жайнады,
Əрбір жолы ілім болып сайрады.
Нұрыңа елтіп дəрет алдым, қол жайдым,
Аспан, саған жеттім-ау деп болжаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу