file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  147


Автор: Түрік поэзиясы

ТАНЫМАДЫ

Жырымды елге арнап едім,
Елді аралап сарнап едім,
Бір күн жырға салмап едім,
Жырым мені танымады.
Ағам да еді, апам да еді,
Қуаныш һəм қапам да еді,
Ахмет, Мехмет, Сунам жəне
Гүллім мені танымады.
Қолымда өскен қошақаным,
Шөп-су бердім, дос атадым.
Енді көңіл босатамын,
Ол да мені танымады.
Сөз байласқан жарым еді,
Көз қуаныш барым еді.
Ел де солай танып еді,
Кеше ол да танымады.
Деген едім қасыңдамын,
Гүл боп саған ашылғамын.
Жолыңа əркез шашылғамын,
Тəңірім де танымады.
Амал бар ма мұнша мұңға,
Жанымменен жұлма-жұлма,
Ажал іздеп шықтым қырға,
Ажал мені танымады




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу