file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  168


Автор: Түрік поэзиясы

АНАУ ЖАҚТА БІР АУЫЛ БАР...

Анау жақта бір ауыл бар, алыста,
Ол да біздің өз ауылымыз болады.
Қай кезде де құшағы ашық арысқа,
Қай кезде де үзілмейтін қонағы.
Анау жақта үй бар, бізден жырақта,
Ол да біздің өз үйіміз болады.
Арнап барып, жатпасақ та бір апта,
Өз үйіміз десең көңіл толады.
Анау жақта бір дауыс бар тым алыс,
Ол да біздің өз даусымыз, естісең.
Сыр бөлісіп, болмасаң да жұбаныш,
Сол дауысқа сыйлап, ізет етші сен.
Анау жақта тау бар, қарлы басына
Бұлт қонған, ол да біздің тауымыз.
Шықпадым деп шыңдарына жасыма,
Жетпейді ме аса алмаса жауымыз.
Анау жақта жол бар бізге беймəлім,
Ол да біздің жол болады түбінде.
Аспан астын тербегенде кейде əнің,
Салтанатты үн қосатын дүбірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу