Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  122


Автор: Түрік поэзиясы

ӨМІРДІҢ БАЛЫ

Сол күнді,
сосын сені сағындым,
Көргім келеді тағы.
Күлкің де бөлек жан ең ғой
Көңілдің бағы.
Аппақ періштем менің,
Бүршігім дегім келеді тағы.
Жібектей жұмсақ шашыңды
Сипайды сəуірдің таңы.
Көктемдей жылы үнің бар,
Ериді көзінің қары.
Көнетін жақсы жаманға
Мен де бір жақсының жары.
Айдай сұлуым менің,
Көзің жұлдыздай дейін тағы.
Өртейді ыстық демің
Өзіңсіз өмірдің балы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу