Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
155
МЕНІ ҰМЫТПА
Менің атым жырда қалар
Жүректегі сырда қалар
Ұмытпа мені!
Ай айналып, жылдар көшер
Қоңыр кеште самал есер
Ұмытпа мені!
Дүние бір көшкін сарай
Көк жүзінде нұрлы арай
Ұмытпа мені!
Мұрат жалаң, өлім – шындық
Ащы-тұщы өмір сүрдік
Ұмытпа мені!
Өмір – өзен көсіліп ағар
Вейсел кетер, есімі қалар
Ұмытпа мені!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter