Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  501


Автор: Түрік поэзиясы

Отан

О, Түрігім, бостандықтың киесі,
Бір өзіңсің, бар байлықтың иесі.
Шөбі – шүйгін, суы – тұнық жер еді,
Қанша керек, бар Түрікке жетеді.
Ешқашан да олар бодан болмаған,
Ал, оларды Көк Тəңірі қолдаған.
Сауаты бар, ежелден-ақ бəрінің,
Дəмін білген – имандылық дəмінің.
Дос пен жауды ажырата алғандар,
Адаспастан Ақиқатқа барғандар.
Ал, оларда: мешіт, мектеп, кітап бар,
Қолдарында тура бастар шырақ бар.
Қайран, Түрік, тонаушыны жолат па,
Жау біткенді сен шақырма қонаққа.
Сен шырағым міскіндерді аяма,
Иманы бар мұсылманды аяла.
Адамдар тап қыстақтардың бəрінен,
Сен жасқан ба жамандардың кəрінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу