file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  729


Автор: Түрік поэзиясы

ЗОРЛЫҚ ПЕН ҚАРСЫЛЫҚ

Зорлықты қолпаштап, залымға жалынбан,
Қашан да жанымнан жақсылар табылған.
Бабама тисе кім, өлтірем қолыммен,
– Не айтпақсың, оныңмен?
– Қуамын ол итті əулие жерімнен!
Өтемін өмірден, жауызға бас ұрмай,
Өртейтін оларды намысым – Жасындай.
Туғалы шомылғам, Еркіндік таңына,
Жоламас ешқашан, бұғалық жаныма.
Көнбістеу көрінген, жəй ғана сыртым ғой,
Дауыл боп соғуым, ол дағы мүмкін ғой.
Денемнен қан шықса, қамшының ізінен,
Кек оты жалындар ерлердің жүзінен.
Бəріне көнбіс боп, жата алған емеспін,
Соңынан қумаймын жəй ғана елестің.
Таптатқан емеспін арымды жауыма,
Жақсы ғой қанымда намыстың бары да.
Бəрі бір жауымның: қызылы, ағы да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу