Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  620


Автор: Түрік поэзиясы

БІРЛІК

Қарсы беттен шықса да Əзірейіл күркіреп,
Хақтың жолы оятар ұйықтағанды сілкілеп.
Соңғы шейіт өлсе де, алған беттен таймаймыз,
Қарсы келген дұшпанды түре қуып, айдаймыз.
Алда бізді көр күтіп, жын ұрса да құтырып,
Дауылдағы кемедей, біз кетеміз құтылып.
Жанар таулар атылып, отқа орасын маңайын,
Ұлтым үшін сол өртте мен де лаулап жанайын.
Жүзінде жарқын ұлтымның қай заманда да Иман бар,
Қуаныш, қайғы ожданмен, жақсы жандарға сыйған бар.
Жүрегім дүрсілдеп, қай жаудан тайсалмас,
Болмаған ешқашан, ол – Шындық, айта алмас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу