Өлеңдер ✍️
Балықшылар
– Бүгін тағы ашпыз, балам, – деді, əке –
Мына бізден кеткен ырыс, береке.
– Мына маған, ондай, ондай, деме, əке!
– Толқын қанша бұрқанса да мен барам,
Анашымның қасында бол, сен, маған.
Сырқатты ойла, мына маған болма алаң...
– Онда балам, жарайды,
Бүгін келген кезегің ғой талайғы.
Анаң мен мен, қалжыраған қарттармыз,
Бұл өмірден небір азап тартқанбыз.
– Біз ше, – деді, – сендер өлсең, қайтеміз,
Айбындан ба, буырқанып, əй, теңіз?
Əскерлердей буырқанған толқындар,
Сияқты емес, жағдайыңды ол тыңдар.
– Ауларды алып, ертең жолға дайындал,
Саңырауқұлақ, арқан, жіптің бəрін де ал.
Ашық теңіз, желкеніңді аш, дауыл бар.
Қайық – бала сияқты, оны ұстама,
Еркіне бер, күштеп, қатты қыстама.
Теңіз де – əйел, ешқашан да сенбе оған,
Қылымсиды, мазақтайды оңбаған,
Жолы болар – ақиқатты қолдаған.
– Балам ертең кетсе, жалғыз өзі балыққа,
– Мен бармын ғой, оған кемпір, қамықпа?
– Апыр-ай, ə, ол келгенше, өлсем ше?
Ұлдың аман, сол келгенін көрсемші...
Балықшы оймен өзін-өзі қажады,
Бала жаққа қимағандай қарады.
Есіне алды ол сол бір ауыр күндерін,
Таразылап, білмегенін, білгенін.
Сыртта дауыл, өршелене өкірген,
Дыбыстардай: айғайлаған, жекірген.
Жаман дыбыс – берекені кетірген.
-Мына күнде бала қалай барады?
Осы сөзден – ана жаны жаралы...
Алакеуім, ақ таң, бала қайықта,
Есіп берді ескекпен бір қалыпта.
Жел құтырып, теңіз жатыр дөңбекшіп,
Буырқанған теңіз – көкшіл, жер – көкшіл.
Толқын теуіп, соққылайды бүйірден,
Əппақ елес – аруақтардай иілген.
Шақырғандай, олар оны ажалға,
Дейді олар: «Түстің бала, базарға!».
Байғұс қайық – қалталақтап келеді,
Сорлы бала таусылды ма көрері...
Долы толқын өршеленіп шабады,
Айғай-шуы құлақ түбін жарады.
Анасы үйде... Арпалысқан ажалмен,
Қайтем енді, ана дертін жазар ма ем?
Үш, күн, үш түн. Қайық кетті тереңге,
Қайда адамдар, естімейді, керең бе!
Қалың толқын, бар азапты жуады,
Ұлды жұтқан теңіз – іштен тынады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter