Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  139


Автор: ЕРЗУРУМЛЫ ЕМРАХ

Қап-қара тұман. Тұмшалады...

Қап-қара тұман. Тұмшалады,
Адастым. Жоғалттым сені.
Аппақ ай күліп тұрса-дағы
Бозарған құп-қу өңі.
Сен кеттің. Сағым боп,
Аппақ көйлекпен жер сызып,
Дерт асқынды. Жаным – от.
Қалдым ба қара үзіп, жер сүзіп.
Қалың мұң. Қайғының əскері,
Найзамен жүректі турады.
Рухыңмен сезерсің,
білерсің қайтейін.
Емраһтың осы еді сырлары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу