Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  116


Автор: ЕРЗУРУМЛЫ ЕМРАХ

Ерте тұрып жанқалқамнан сұрадым...

Ерте тұрып жанқалқамнан сұрадым,
Қиналдың ба деген едім, жоқ деді.
Саусағыңды бояп апсың қынаға
Той бола ма деген едім, жоқ деді.
Інжу деген не деп ем, тісім деді тағы да,
Қалам деген не деп едім, қасым деді тағы да.
Он бес деген не деп ем, жасым деді тағы да,
Жауабының бəрі де майдай жақты жаныма.
Не деп едім Ерзурум, елім деді көріктім,
Кетесің бе деп едім, жолым деді көріктім.
Кім деп едім Емрах, құлым деді көріктім,
Төлей алмас ешкім де құнын деді көріктім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу