file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  229


Автор: Жəлалəддин РУМИ

ҚОЙ МЕН ӨГІЗ ЖƏНЕ ТҮЙЕНІҢ ДАУЫ

Өгіз бен Қой қастарына Түйені ап,
Келе жатқан тау етегін қиялап.
Ойда жоқта алды достар шөп тауып,
Бір арқан шөп жол бойында жатты ауып.
«Бөліп-жармай,
Өкпелетпей,
Кейітпей,
Ырыздықты үлкеніміз жейік те!
Ел қашаннан аға сыйлап келді ғой,
Біз де үлкенді құрметтейік!» – деді Қой.
Өгіз айтты: «Осы Қойдың есі бар.
Кіші жемей, үлкен жесе несі бар?!
Ал, кəнекей, шындықты айтып көрелік,
Кімнің жасы үлкен соған берелік!»
«Халил-Улла пайғамбардың отарын
Молайтқан да мына менің қатарым.
Соларменен , – деді Қой, – мен қыр астым,
Ибраһим сойған қоймен құрдаспын!»
Өгіз айтты: «Ең үлкені мен жұрттан!
Адам Ата меніменен жер жыртқан!»
Осыншалық өтірікке шамданып,
Шөпті түйе алды жерден паңданып.
Сосын тұрып: «Айтқандай-ақ өздерің, –
деді оларға, – Рас шығар сөздерің.
Бірақ мына керней мойын тұрғанда,
Дəлел іздеп, мені құдай ұрған ба?!
Міне, достар,
Қарап мына кескінге,
Өздеріңнен кіші демес ешкім де!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу