Өлеңдер ✍️
Таңға жуық келді ауылға атты адам....
Таңға жуық келді ауылға атты адам,
«Мақтымқұлы келді...» – солай десті.
«Ауылдағы ең қадірлі ақсақал
Өз үйіне шақырды оны», – десті.
Бір күш мені жұлып алып орнымнан,
Ішкі ойларым: «тез атқа қон», – десті.
Құстай ұштым,
Бас тартпадым мен бұдан,
«Үйде адам толып отыр», – десті.
Шыдамадым,
Пырағыны көрмекке
Ішке үңілдім,
Дегендейін: «есті!»,
Шықты дауыс май шам жанған бөлмеден:
«Əр жүрекке Күн орнады», – десті.
Ақсақалдар толып отыр ал онда,
Ерніне олар шырын дəмін тосты.
Жақсы лебіз – жарым ырыс адамға,
«Ақ батамен жер көгерер», – десті.
Біреу отыр ұшар құстай қомданып,
Пайғамбардың ұрпағындай сесті.
Үшіншісі араб жазуын қолға алып,
«Құран сөзі – Құдай сөзі», – десті.
Мен осымен əңгімемді бітірем,
Бетімді өбіп, бір жылы жел есті.
Көзімді аштым ғажап сезім ырқымен,
«Күн төбеге көтерілді», – десті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter