file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  152


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЕГЕР МАҒАН СЕНБЕСЕҢ...

Кел, екеуміз анау тауға шығайық,
Сонда ғана күмəн қалмас көңілде.
Сол биікте қыранға ұқсап тұрайық,
Бұл дүние кеңдігінің төрінде.
Жүз жұп етік тоздырса да бұл жақта,
Сенген жандар саған еріп көреді.
Өткен шақтың естелігін бірақта
Бар ма сірə өшірудің керегі?
Соңымыздан ерген ешкім болған жоқ,
Қалды бəрі алыс анау алқапта.
Сенің жаның берік қамал қорған боп,
Сырын ашпай бұлдырайды алшақта.
Біз екеуміз шыңға шығып, құшамыз,
Басқа əлем бақытына тамсанып...
Өсек сөздің үстін көктей ұшамыз,
Қас қағымда жұлдыздарды қарсы алып.
Ай жарығын куə етіп, тізерлеп,
Мен ғашықтық сырларымды ашамын.
Егер маған сенбес болсаң,
Бір демде
Шыңнан құлап,
Тұңғиыққа асамын.
Гүлдер өнер,
Келер талай жаз күліп,
Мен құлаған сол бір жердің үстіне.
Өкінерсің,
Сен өзіңді жазғырып,
Мені соған жеткізгенің үшін де.
Кел, екеуміз, анау тауға барайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу