file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  146


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ ДАУСЫМ

Азу тісін көрсетеді кім маған,
«Əлек салам – дейді, кімдер – əлемге?»
Кəне, кімдер қару-күшін шыңдаған,
От тұтатып, өрт қоймақшы бар елге?
Кімдер олар, атом жарып ғаламға,
Қалаларды құртып, қасірет шектірмек?
Армандары – қырғын, соғыс, зауал ма,
Жердің бетін қызыл қанға бөктірмек?!
Оспадарлар! Барма ойсыз қадамға!
Бізді жақтар тарих сөзін қабылда!
Ол – азаттық, бақыт берген адамға,
Бейбіт күнді қорғаушылар жағында.
Мен үндеуге қол қойдым да үн қаттым,
Бар даусыммен: «Соғысқа жол бермейміз!»
Əлемдегі əр бейбіт таң – қымбатты,
Бейбіт таңмен өркендейміз, өрлейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу