Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  151


Автор: Түрікмен поэзиясы

САНДУҒАШ САН ƏУЕНГЕ САЛАДЫ ЕНДІ

Ол күн де жақын қалды, шөл үстінде
Сандуғаш сан əуенге салады енді!
Жейхуннан көріп сəнін егістің де,
Сандуғаш сан əуенге салады енді!
Сыбдырлап жапырағы, иіліп тал,
Боз жыңғыл, жиде ағаштар көгеріп қал!
Гүл жайнап, аймақ масаң, бойы дел-сал...
Сандуғаш сайрап əнге салады енді!
Даланың күзетшісі керім киік,
Ішеді дария суын жаны сүйіп.
Жағадағы жасыл бақта шырқай биік,
Сандуғаш сан əуенге салады енді!
Оңтүстік таулар жақтан соққан аптап,
Орманнан əрі өте алмай, қалар тоқтап.
Тамаша табиғатты талмай мақтап,
Сандуғаш сан əуенге салады енді!
Шөлді де көркейтеміз, жайнатамыз,
Арна бұрып, су басын байлатамыз,
Шөлейтте көк толқынын ойнатамыз,
Сандуғаш сан əуенге салады енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу