file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  118


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАСҚА ҚИЫРДАН БІР ЭПИЗОД

Жасы келген кейуананың соңынан
Күшік еріп барады.
Күшік емес,
Ол – келешек,
Жолынан
Тіске басар дəн іздеп зыр қағады.
Əжей кəрі,
Тастай суық лашығы,
Табылар ма бір үзім нан берер жан.
Жан-жағына қорқа қарап,
Ашығы –
Қашқақтайды аш иттерден қаңғыған.
Сол аш иттер Айға қарап ұлыған
Көрмесе екен мына байғұс күшікті.
Шықпайды əсте иесінің ығынан,
Мойнына да шынжыр ізі түсіпті.
Бірақ мойнын шынжыр емес – қинаған,
Ол – жалғыздық...
Сол қиын ғой жалғанда.
Бұл өлкеде иттер де көп,
Аз ба одан –
Жалғыздықтан азап шеккен жандар да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу