Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
135
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
ЕСІМДЕ
Сен – патшалық, əлемімді жаулаған,
Жүрегімде қалып қойдың мəңгілік.
Ұшып кеткен қарлығаштан аумаған,
Сол алыстан тұрсың мені таң қылып.
Жиі-жиі сағынамын өзіңді,
Гүл бейнеңді ойша еске түсіріп.
Бұдан басқа не айта алам,
Төзімді
Тауысамын, кейде жаным қысылып.
Терең ойдың құшағына батам да,
Тынысымды ауыр алып тұрамын.
Қиялыммен шығып талай сапарға,
Бір өзіңді көруге үміт қыламын.
Жүрегіме орнықтың деп айта алам,
Көңіл, сірə, ең қымбатын қия ма.
Қашан енді ораласың қайтадан,
Ұшып кеткен қарлығашым, ұяңа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter