Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  149


Автор: Түрікмен поэзиясы

Жел

Жел келді де сəл аялдап қас қағым,
Көсеп кетті қанымның да шоқтарын:
«Көп қайғырма!
Білерсің сен, аруым,
Махаббаттың аязын да,
Аптабын...»
Сыбырлайды:
«Сарыуайымға берілме,
Армандарың орындалар сенің де.
Жүрегіңді дауыл тербеп тұрмаса,
Сергектікті жоғалтарсың тегінде...»
Сыбырлайды:
«Көшеге шық,
Жеңілден,
Көктің əсем гүлдерін көр,
Көңілден.
Сəтсіздіктер жасытпасын жаныңды,
Қуаныш пен шаттық ізде өмірден...»
Жел желпісе – ғайып болар мың қайғы,
Ернімді өбіп,
Маңдайымнан сипайды.
Бойымдағы удың бəрін сорып ап,
Көңілімнің шоғын көсеп, қымтайды..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу