file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  173


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАЗАҚ АСПАНЫ

Қандай ұқсас қазақ-түрікмен аспаны!
Төбелерде жұлдыздары жусаған.
Жусан өскен дала əтір шашқаны –
Демнің иісі, тердің иісі бұл саған.
Қандай ұқсас қазақ-түрікмен айлары!
Арыстанның суретімен боянған.
Ұйқыдағы дала күйін ойнады
Сəйгүліктің дүбірімен оянған.
Қандай ұқсас қазақ-түрікмен даласы!
Меймандос бір дастарқандай жайылған.
Өз досымдай сыр бөліскен дəл осы
Дала менен бар ма менің айырмам.
Қандай ұқсас қазақ-түрікмен жолдары!
Қайта оралтар бір қасиет бар мұнда.
Қоршап тұрған туыстықтың қолдары –
Тізеңді бүк осы дала алдында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу