file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  158


Автор: Түрікмен поэзиясы

АЙДЕРЕ

Жерде – тұман,
Тауымда
Бұлтсыз күндер – тосын жай.
Қыркүйек пен мамырда
Ауа райы осындай.
О Айдерем, Айдерем,
Менің туған Айдерем!
Көріктісің күміс тау,
Алтын Күнің!
Айменен!
Теңіздейін теңбіл көк,
Терең шатқал,
Сайменен.
Кең қойнауды жағалай
Қалың тоғай,
Қарағай.
Өрік, жаңғақ,
Ақ терек,
Қарақат пен таңқурай.
Жасыл шалғын,
Сəн, көркем,
Раушан гүлді таулы өлкем.
Саған деген сағыныш,
Махаббатым жай демен.
Баурайыңда жүргенде
Мен өзімді бай көрем.
О Айдерем, Айдерем!
Менің алтын Айдерем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу