file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  169


Автор: Түрікмен поэзиясы

КЕЛІП КӨР ӨЗІҢ АУЫЛДЫ

Таң шапағы ұйқыдағы қыстақтың
Терезесін аймалап кеп ашқанда,
Шомылып бір көрдіңіз бе ұшқаттың
Ішіндегі мөлдір сулы бастауға?
Ақша бұлттар қойдың ұлпа жүніндей,
Балалық шақ естелігін оралтар.
Бақытты сəт бар ма осы күніңдей,
Жан жадырап, өміріңнің мəні артар.
Ұмытқаның жаңғырады жадыңда,
Əрбірінен өз ізіңді табасың.
Көргендерің сол балалық шағыңда
Қайталанып, бəрін еске аласың.
Сіз айтарсыз: жібердің деп тым мақтап,
Қарапайым ауылыңа тең таппай.
Иə, солай! Жалтармаймын қашқақтап,
Бұған сіз де келісерсіз сөз қатпай.
Жаныңыздың табылғандай дауасы
Өзіңіз де ақын болып кетерсіз...
Қандай тұнық шəрбат дəмді ауасы,
Қалаңыздан шықпай жүрсіз бекер сіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу