Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
128

Тамшы
Мен қайықпен шығып едім теңізге,
Шөл қысады,
Су алмаппын ал шыны.
Кенет жаңбыр құйып берді,
Лезде
Кепкен ернім қақшып алды тамшыны.
Жалғыз тамшы! Қандым енді сырыңа,
Ойым түлеп,
Бойым сергіп, ширыға.
Мен жаңбырдың бір тамшысын бермес ем,
Дəмі ащы шалқар теңіз суына
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇