Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
156
Сенемін!
Мен ешқашан кетпеймін,
Кету үшін келгем жоқ.
Мен ешқашан өтпеймін,
Өту үшін келгем жоқ.
Бұл өмірге мен келдім –
Берген сертте тұруға.
Тұлпарым да ерттеулі,
Қылышым да қынында.
Соңғы демнің бітуі
Қайғы болмас шынында.
Жүрегімнің лүпілі
Қалар менің жырымда.
Аспан төгіп жұлдызын,
Жерім аман тұрғанда,
Сенем: менің ғұмырым
Жетер алыс жылдарға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter