file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  151


Автор: Түрікмен поэзиясы

МЕНІҢ ЖЕРІМ

Наныңды ас қып, тұзыңды таттым,
Сапарым жалғап, мұңымды шақтым.
Сүрінсем сенде қайтадан тұрдым,
Келмейді саған жалған сөз айтқым.
Ең нұрлы сөзім – өзіңе жерім,
Алғансың жаулап көңіл əлемін.
Нан мен тұзыңды қастерлеп өттім,
Жалған айту жат жаныма менің.
Қысыңмен сенің қысылдым бірге,
Көктемімсің сен – ұсындың гүл де.
Қызыққа талай кенеліп едім,
Саям боп жасыл терегің менің.
Қабірі жатыр бауырларымның,
Өзіңде барлық керегім менің.
Тұрамын саған үздігіп күнде,
Қайтемін өзге қызығып гүлге.
Беткейдегі анау тікенің де ыстық,
Құмың да бірге, мұңың да бірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу