Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.10.2022
102
СОҚПАҚТАР
Шақырды соқпақ сан алуан,
Теп-тегіс, ойы-қыры көп.
Сапарға шығам азаннан,
Жүремін көптің бірі боп.
Кездесу керек біреумен,
Тындыру керек шаруаны.
Жүруді ғана тіленген
Таусылмас соқпақ сандары.
Төрт құбылам түгел тұр алда,
Оңтайлы маған қай бағыт?
Мақсатым жолға шығарда
Аламын терең ойланып.
Жететін жерді білген жөн,
Дайын боп өмір – сынаққа.
Соқпақтар мені бір демде
Жетелеп кетер жыраққа.
Соқпағым, айқын бол дəйім,
Шөп басып, жоқ боп құбылма.
Бастағын адамзат жанын,
Тілегін, ойын ұғуға.
Үлкен жолдарға бастағын,
Шектелмес жеткен жеріммен.
Сүрінтпей өткіз, соқпағым,
Өмірдің өткелдерінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter