file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  133


Автор: Түрікмен поэзиясы

АРША

Тыныштықты ұмытқан
Қарлы қыстың айында,
Бүрісіп тұр суықтан
Емен менен қайың да.
Берілмеуге бекінді,
Мұнда ғажап бар ма сыр.
Түк болмаған секілді
Арша ғана жап-жасыл.
Ала құйын бораннан
Қорықпайды ол тіпті.
Жапырағына оранған
Тіп-тік тұрар сол мықты.
Бұтағында түс көріп
Құстар отыр ұйқыда.
Жасыл арша күш беріп,
Жылу шашқан сыртына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу