file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  351


Автор: Түрікмен поэзиясы

ƏНШІ

(Шасенем Керимоваға)
Əн бір – ғажап дүние,
Өзге өлкелер, басқа əлем...
Жан бітіріп өліге,
Салады əнші тасқа дем.
Əн сиқырын айтуға
Тілім менің жетпес те.
Қуаныш – бал, қайғы – у ма,
Əннен асып кетпес те!
Шырқай түсші, өтінем,
Əнге тағзым етермін.
Сен əйелдің бетінен
Паранжысын көтердің.
Əлемнің тыңдап əн-күйін,
Қайғысын бірдей тарттым мен.
Жер шарының бар мұңын
Иығымызға арттың сен.
Қарындасым,
Жүрегін
Тебірентпес үнің қай жанның.
Əнмен шарлап əлемді,
Өзің де əнге айналдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу