file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  177


Автор: Түрікмен поэзиясы

СҮЙІКТІМ СЕН...

Білсең еді маған қиын екенін –
Өтіп жатыр ұйқысыз көп күндерім.
Мен өзіңді шақырумен өтемін,
Сүйіктім сен, шық жарыққа, бір көрін.
Кел, көктемдей жылда келер жеріңе,
Жаңбырменен, құс үнімен ілесіп.
Жақпар таудың кер маралы келді ме,
Сүйіктім сен, сол маралмен бірге шық.
Көк пен жер де кездеседі бір кезде –
Көкжиекте найзағайлар ойнаған.
Күннен шығып, сен де солай мені ізде,
Сүйіктім сен, түу қиянды жайлаған.
Мен өзіңсіз зар шеккен бір мұндармын,
Əлі күнге тек сен жайлы ойланам.
Шақырамын – сеңін бұзып жылдардың,
Сүйіктім сен, өткен шақтан кел маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу